Шикізат еліміздің барлық өңірлерінен және Ресейдің көршілес облыстарынан әкелінеді. Жаңа зауыт «қарапайым заттар экономикасы» бойынша жұмыс істеп, халық тұтынатын тауарлардың көптеген түрлерін шығарады. Күнделікті тұрмыста аса қажет шелек, кесе,су құйғыш, қоқыс қаптары және тағы басқа пластмассалық өнімдер үлкен сұранысқа ие. Кәсіпорын жылына 20 мың тоннаға дейін өнім өндіре алады. 180 адам жұмыспен қамтылды.
Елімізде қайталама шикізатты қайта өңдеу үрдісі кенже қалып отырғаны жасырын емес. Бұл саланы табысты бизнеске айналдыру ісін бірінші болып «Радуга» ЖШС-і қолға алды. Цехтарда кез келген қоқысты қалдықсыз өңдейтін қондырғылар орнатылған. Алдағы уақытта өндіріс қуатын арттырып, көршілес елдергеге де шығару белгіленген.
Бағасы көңілге қонымды, шетелдік өнімдерден сапасы еш кем емес.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы